Регистрация участника

Личный кабинет участника                          Результаты X олимпиады

қазақша                        русский

        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің базасында физика пәнінен оқушылардың жыл сайынғы ашық олимпиадасын өткізеді.
        Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушылары шақырылады.
        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша және орысша.
        Олимпиада үш теориялық кезең арқылы өткізіледі. Іріктеудің алғашқы екі кезеңі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 қаңтары аралығында on-line-тестілеу түрінде өткізіледі. Қатысушылар http://www.e.ksu.kz/ сайтына кіріп, «Олимпиада по физике» жарлығын таңдап және нұсқау бойынша «Личный кабинет участника 2018», яғни өзінің жеке кабинетін құруы қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталған мезетте бірден көрсетіледі. Нөлден өзгеше нәтиже алған қатысушы екінші кезеңге жолдама алып, оған екінші кезеңнің тапсырмалары ұсынылады.
        2-кезеңнің тапсырмаларының шешімдерін электрондық нұсқада (түсінікті жазумен жазылған және көшірмесі жақсы түсірілген) 2018 жылдың 30 қаңтарына дейін fizfakfin@mail.ru электрондық поштасына немесе «Олимпиада» деген белгісімен қағаз жүзінде ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберуге болады. 30-қаңтардан кейін жіберілген жұмыстар қарастырылмайды. Олимпиаданың 3-кезеңінің қатысушылары 2-кезең тапсырмаларының орындалуы негізінде төрешілер тарапынан іріктеп алынған конкурсанттар болып табылады. Ақпарат сайттың «Личный кабинет участника», яғни қатысушының жеке кабинетінде 10 ақпанға дейін жарияланады. жарияланады.
        3-кезең (соңғы) 2018 жылдың 17 ақпанында сағат 9.00-де on-line- режимінде өткізіледі.
        Ұйымдастыру комитеті мен төрешілер мүшелері олимпиада тапсырмаларын 10 және 11-сынып оқушылары үшін жеке-жеке құрастырған. Сонымен қатар, физиканы тереңдетіп оқытатын мектептер үшін олимпиада нәтижесі жеке шығарылады. Мамандандырылған және жай мектептердің олимпиадада жүлделі орындар алған жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады
        Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың төрешілері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған.
        Іріктеу кезеңдерінен өткен қатысушылардың жұмыстары қайтарылмайды.
        Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
        Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 2-ші корпус, 202 аудитория.