Регистрация участника

Личный кабинет участника                         

қазақша                        русский

ЭЛЕКТРОНИКА БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің базасында радиофизика және электроника кафедрасы мектеп оқушылары арасында электроника бойынша ашық олимпиадасын өткізеді.
        Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушылары шақырылады.
        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша және орысша.
        Олимпиада екі шығармашылық кезең арқылы өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың төрешілері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамынан жасақталған.
        Іріктеудің бірінші кезеңі 2018 жылдың 5 ақпаннан 2018 жылдың 28 ақпанына дейін on-line-тестілеу түрінде өткізіледі. Қатысушылар http://e.ksu.kz/ сайтына кіріп «Электроника Олимпиадасы» жарлығын таңдап және нұсқау бойынша «Личный кабинет участника», яғни өзінің жеке кабинетін құруы қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталған мезетте бірден көрсетіледі. Нөлден өзгеше нәтиже алған қатысушылардың арасынан төрешілер тарапының шешімі бойынша 2 турға нақты катысушылар таңдалып алынады.
        Осы туралы ақпарат 02.03.2018ж. «Личный кабинет участника» сайтында, яғни қатысушының жеке кабинетінде жарияланады.
        2-кезең (соңғы) 2018 жылдың наурыздың 16 жұлдызында сағат 9.00-де ҚарМУ-дің физика-техникалық факультетінің корпусында басталады. Ол екі этаптан тұрады: 1этап теориялық тапсырманы орындау II этап – практика жүзінде тапсырманы орындау.
        Ұйымдастыру комитеті мен төрешілер мүшелері олимпиада тапсырмаларын 10 және 11-сынып оқушылары үшін құрастырған.
        Олимпаданың II этаптың 2-тур қатысушылары мен жүлделі орындарын иеленушілер дипломдар мен сертификаттармен марапатталады.

        ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ
        2018 жылының наурыз айының 02 жұлдызында екінші турға қатысушылардың тізімі бекітіліп, оларға шақырулар жіберіледі.
        16 наурыз, 2018 жыл:
        9.00 – 9.30 –олимпиадаға қатысушылардың келуі және тіркелулері (Университетская көшесі 28, корпус №2, Физика-техникалық факультеті, аудитория №8);
        9.30 – 10.00 – олимпиаданың ресми ашылуы (аудитория №8);
        10.30 – 13.00 – олимпиаданың теориялық тапсырмаларын орындау, оқушылардың, командалардың жетекшілеріне өткізілетін семинар (аудитория № 521).
        13-00 - 14-00 – түскі тамақ;
        14.00 – 15.30 олимпиаданың 2 турының 2 кезенінің тапсыпмаларын орындау;
        15.30 – 16.30 (физика – техникалық факультеттің ғылыми-зерттеу лабораторияларына экскурсия, факультеттің беделді ғалымдарымен кездесу);
        16.30 - олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау және олимпиаданы жабу. Жүлдегерлерді марапаттау.
        Контактілер:
        Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
        Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 2-ші корпус, 522 аудитория.
        E-mail: ksusharogovaya@mail.ru (Ксения Сергеевна);
        Байланыс телефондары: +77786388092 (Жарасқан Төлегенович), +77024794037 (Ксения Сергеевна).