Регистрация участника

Личный кабинет участника                         

қазақша                        русский

ЭЛЕКТРОНИКА БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің базасында радиофизика және электроника кафедрасы мектеп оқушылары арасында электроника бойынша ашық олимпиадасын өткізеді.
        Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушылары шақырылады.
        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша және орысша.
        Олимпиада екі шығармашылық кезең арқылы өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың төрешілері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамынан жасақталған.
        Іріктеудің бірінші кезеңі 2017 жылдың 3 ақпаннан 2017 жылдың 25 ақпанына дейін on-line-тестілеу түрінде өткізіледі. Қатысушылар http://e.ksu.kz/ сайтына кіріп «Электроника Олимпиадасы» жарлығын таңдап және нұсқау бойынша «Личный кабинет участника», яғни өзінің жеке кабинетін құруы қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталған мезетте бірден көрсетіледі. Нөлден өзгеше нәтиже алған қатысушылардың арасынан төрешілер тарапының шешімі бойынша 2 турға нақты катысушылар таңдалып алынады.
        Осы туралы ақпарат «Личный кабинет участника» сайтында, яғни қатысушының жеке кабинетінде жарияланады.
        2-кезең (соңғы) 2017 жылдың 3 наурызында сағат 9.00-де ҚарМУ-дің физика-техникалық факультетінің корпусында басталады. Ол екі этаптан тұрады: 1этап теориялық тапсырманы орындау II этап – практика жүзінде тапсырманы орындау.
        Ұйымдастыру комитеті мен төрешілер мүшелері олимпиада тапсырмаларын 10 және 11-сынып оқушылары үшін құрастырған.
        Олимпаданың II этаптың 2-тур қатысушылары мен жүлделі орындарын иеленушілер дипломдар мен сертификаттармен марапатталады.

        ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ
        2017 жылының ақпанының 27 жұлдызында екінші турға қатысушылардың тізімі бекітіліп, оларға шақырулар жіберіледі.
        3 наурыз 2017 жыл.
        9.00 – 9.30 –олимпиадаға қатысушылардың келуі және тіркелулері (Университетская көшесі 28, корпус №2, Физика-техникалық факультеті, аудитория №8);
        9.30 – 10.00 – олимпиаданың ресми ашылуы (аудитория №8);
        10.30 – 13.00 – олимпиаданың теориялық тапсырмаларын орындау, оқушылардың, командалардың жетекшілеріне өткізілетін семинар (аудитория № 521).
        13-00 - 14-00 – түскі тамақ;
        14.00 – 15.30 олимпиаданың 2 турының 2 кезенінің тапсыпмаларын орындау;
        15.30 – 16.30 (физика – техникалық факультеттің ғылыми-зерттеу лабораторияларына экскурсия, факультеттің беделді ғалымдарымен кездесу);
        16.30 - олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау және олимпиаданы жабу. Жүлдегерлерді марапаттау.
        Контактілер:
        Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
        Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 2-ші корпус, 522 аудитория.
        E-mail: ksusharogovaya@mail.ru (Ксения Сергеевна);
        Байланыс телефондары: +77786388092 (Жарасқан Төлегенович), +77055866011 (Айнур Қайыржановна), +77024794037 (Ксения Сергеевна).